Жаһандық ойлау.
Дәлелді шешім.
Жаһандық география және экологиялық мәселелер
GEO–7Қ авторлық зерттеу моделі арқылы жасанды интеллект пен кәсіби бағдарды кіріктіру
Қазақстандық шешім.
Білу жеткіліксіз.
Зерттеп, негіздеп үйрен.
Оқушылардың жаһандық экологиялық құбылыстарды географиялық деректермен зерттеп, Қазақстандағы нақты жағдайға бейімделген дәлелді әрі жауапты шешім қабылдау құзыреттілігін қалыптастыру.
Курс географияны, дерек сауаттылығын, жасанды интеллектті және кәсіби бағдарды бір зерттеу жолына біріктіреді.
Курс учит исследовать глобальные проблемы, проверять данные и обосновывать решения для Казахстана.Зерттеудің жеті қадамы
ЖИ ұсынады. Дерек растайды. Оқушы шешеді.
ЖИ — көмекші құрал. Оқушының орнына зерттеу жүргізбейді. Жеке деректерді, мекенжайды, телефонды, сыныптастардың суретін енгізбеңіз. Әр маңызды мәлімдемені бастапқы дереккөзден тексеріңіз. Жалған сілтеме мен санды пайдаланбаңыз. ЖИ атауын, қолданған күніңізді, сұрауды және өзіңіз түзеткен тұсты ашық көрсетіңіз. ЖИ қолдану міндетті емес: дәл осы жұмысты кітап, карта және ашық деректермен орындауға болады. AI GEO LAB — сыртқы ЖИ құралдарын қолдану бағыты; авторлық платформа ретінде ұсынылмайды.
Кезеңдер бойынша ЖИ көмегі
1Қ — сұрақты нақтылау; 2Қ — байланыс туралы гипотеза; 3Қ — тексеру тізімі; 4Қ — карта аңызын түсіндіру; 5Қ — рөлге арналған сұрақтар; 6Қ — салыстыру өлшемдері; 7Қ — мәтінге кері байланыс. Дерек, карта және қорытындыны оқушы өзі тексереді.
Су тапшылығы: сұрақтан шешімге
1Қ Құбылысты анықтау
Қазақстанда су тапшылығын азайтудың қай тәсілі жергілікті жағдайға тиімді?
2Қ Қазақстанмен байланыстыру
Кейс: суармалы егіншілік аймағы. Су тұтыну мен ыстық кезеңдегі сұраныстың байланысы зерттеледі.
3Қ Қос дерекпен дәлелдеу
Бір халықаралық және бір қазақстандық дерек таңдалады. Нақты сандар дереккөзден тексерілгеннен кейін енгізіледі; бұл үлгіде сан ойдан берілмейді.
4Қ Карта арқылы талдау
Картада өзен алабы, суармалы жер және тұтынушы елді мекен белгіленеді. Су көзі мен сұраныс орнының арақатынасы түсіндіріледі.
5Қ Қызметтік рөлге ену
Су инженері ретінде каналдағы шығынды бағалап, шаруашылыққа қолжетімді шешім ұсынар едім. Құны мен техникалық қызметін ескеремін.
6Қ Қос шешімді салыстыру
А: тамшылатып суару. Ә: каналдарды жаңғырту. Су үнемі, бастапқы шығын, күтім және қамтылатын аумақ бойынша салыстыру қажет.
7Қ Қорғау және жетілдіру
Алғашқы пікір: барлық жерде тамшылатып суару. Кері байланыс: егін түрі мен шығынды ескеру. Түзету: алдымен шағын учаскеде пилоттық сынақ, нәтижесіне қарай кеңейту.